Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 7 ақпандағы № 10 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 18 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 22 мамырда № 3-8-153 тіркелді. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 128 хатымен

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013.01.16 № 128 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы» 2012 жылғы 7 ақпандағы № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-148, 2012 жылғы 6 наурызда «Мәртөк тынысы» газетінің № 15-16 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1 тармақта «және спорт» деген сөздер «, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тармақтың 2) тармақшасында және 2 тармақта «тұрғын үй сатып алу», «тұрғын үй сатып алуға» деген сөздерден кейін «немесе салу», «немесе салуға» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                      хатшысы

         Ә.Әлмұхамбетов                       А. Смағұлов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады