Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Сағашилі ауылының көше атауларын қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 27 наурыздағы № 14 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 сәуірде № 3-9-167 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тілінде өзгерілмейді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 18.05.2017 № 10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного округа" сөздері "села", "сельского округа" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 15.10.2014 № 23 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Сағашілі ауылы халқының пікірін ескере отырып, Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Сағашілі ауылының көше атаулары:

      1) переулок Зеленый - Бейбітшілік тұйығына;

      2) Советская көшесі - Шоқан Уалиханов көшесіне;

      3) Центральная көшесі - Жеңіс көшесіне;

      4) Кооперативная көшесі - Абай Құнанбаев көшесіне;

      5) Степная көшесі - Сақтаған Бәйішев көшесіне;

      6) 60 лет Казахстана көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      7) Школьная көшесі - Болашақ көшесіне;

      8) Почтовая көшесі - Әлия Молдағұлова көшесіне;

      9) Первое мая көшесі - Ахмет Жұбанов көшесіне;

      10) Набережная көшесі - Әйтеке би көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Еңбек ауылдық округінің әкімі Р.Үргенішбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады