Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округі Құмсай, Жамбыл, Шилі, Терісбұтақ ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 11 шілдеде № 3-9-172 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі деректемелерінде, тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аулов", "аульного", "ауле" сөздері "сел", "сельского", "селе" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмсай ауылдық округінің әкімінің 26.11.2014 № 9 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.05.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және Құмсай, Жамбыл, Шилі, Терісбұтақ ауылдары халқының пікірін ескере отырып Құмсай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1) Құмсай, Жамбыл, Шилі, Терісбұтақ ауылдарының көшелеріне келесідей атаулар берілсін.

      Құмсай ауылында:

      № 1 көшеге - Мария Барбусинова;

      № 2 көшеге - Нұралы Қаниев;

      № 3 көшеге - Интернациональная;

      № 4 көшеге - Серғазы Байжанов;

      № 5 көшеге - Кооперативная;

      № 6 көшеге - Ахмет Жұбанов;

      № 7 көшеге - Меруерт Жанболатова;

      № 8 көшеге - Құлшары Мырзабаев.

      Жамбыл ауылында:

      № 1 көшеге - Жамбыл.

      Шилі ауылында:

      № 1 көшеге - Бірлік.

      Терісбұтақ ауылында:

      № 1 көшеге - Достық.

      2) Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3) Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданықа енгізіледі.

      Құмсай ауылдық округінің әкімі І.І. Телегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады