Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі Қаракөл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 19 наурызда № 3-9-166 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного" сөздері "села", "сельского" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 19.12.2014 № 4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі деректемелеріндегі "аульного" сөзі тиісінше "сельского" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 25.09.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қаракөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Қ. Жұбанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округі әкімінің 25.09.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қаракөл ауылының атаусыз көшелеріне атаулар берілсін.

      № 1 көшеге - "Мектеп"

      № 2 көшеге - "Ауылшаруашылық"

      № 3 көшеге - "Әйтеке би"

      № 4 көшеге - "Достық"

      № 5 көшеге - "Бейбітшілік"

      № 6 көшеге - "Ахмет Жұбанов"

      № 7 көшеге - "Қазақстан"

      № 8 көшеге - "Наурыз"

      № 9 көшеге - "Қаракөл"

      № 10 көшеге - "Жеңіс"

      № 11 көшеге - "Орқаш"

      № 12 көшеге - "Құрылыс"

      № 13 көшеге - "1 Мамыр"

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қ. Жұбанов атындағы ауылдық
округінің әкімі
Б.Қ. Құлмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады