Темір қаласының құрамды бөліктерін атау туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы № 40 шешімі және Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 104 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 мамырда № 3-10-169 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 631 бабтарына сәйкес, Темір қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Темір қаласындағы құрамды бөліктеріне /қыстауларына/ мына атаулар берілсін:
      1) Ащысай -1
      2) Ащысай-2
      3) Аққұдық
      4) Астықбаз
      5) Бақман
      6) Жанғозы
      7) Құмкемер
      8) Қызылжар
      9) Тауықбаз
      10)Түйебаз
      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі орындалуына бақылау жүргізу аудан әкімінің орынбасары Н. С. Қалауовқа жүктелсін.
      3. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                  Б. ҚАНИЕВ

      Мәслихат хатшысы                             Н. ӨТЕПОВ

      Мәслихат сессиясының
      төрағасы                                 Е. БАЛБОСЫНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады