Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округ әкімінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 58 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 маусымда № 3-11-113 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтінінде "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 01.10.2015 № 110 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және Ойыл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Ойыл ауылдық округінің Ойыл ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      № 1 көшесіне - Шернияз Жарылғасұлы;
      № 2 көшесіне - Құрманов Исламғали;
      № 3 көшесіне - Сатпаев Қаныш;
      № 4 көшесіне - Құрманғазы Сағырбаев;
      № 5 көшесіне - Құрманғазин Бейсұлла;
      № 6 көшесіне - Қлипанов Отар;
      № 7 көшесіне - Қойшығұлов Ахметжан;
      № 8 көшесіне - Төлебаев Мұса;
      № 9 көшесіне - Ержанов Қуаныш;
      № 10 көшесіне - Масатов Сауытбай;
      № 11 көшесіне - Берсиев Шығанақ;
      № 12 көшесіне - Жолмырзаев Байсалбай;
      № 13 көшесіне - Дәуленов Сәлкен;
      № 14 көшесіне - Қарақұлов Ишанбай;
      № 15 көшесіне - Дүсіпов Үмбет;
      № 16 көшесіне - Оноприенко Николай;
      № 17 көшесіне - Аманкелді Иманов;
      № 18 көшесіне - Еркінов Шүкір;
      № 19 көшесіне - Медетбаев Дауылбай;
      № 20 көшесіне - Абай Құнанбаев;
      № 21 көшесіне - Байғанин Нұрпейіс;
      № 22 көшесіне - Екібаев Амантұрлы
      № 23 көшесіне - Бақаев Бауетдин;
      № 24 көшесіне - Молдағұлова Алия;
      № 25 көшесіне - Алтынсарин Ыбырай;
      № 26 көшесіне - Тапалова Нұрсұлу;
      № 27 көшесіне - Көкжар;
      № 28 көшесіне - Желтоқсан;
      № 29 көшесіне - Қаңтарбаев Тұрғали.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округі әкімі: Н. Атагалиев.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады