2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1985-1994 жылдары туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 98 қаулысы. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 сәуірде № 3-12-148 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 15 наурыздағы № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әкімдігінің 15.03.2013 № 128 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Құмаров)  2012 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға әскерге шақырған уақытта жасы 18 ден 27 жас аралығындағы азаматтарды, мерзімді әскери қызметке шақырылудан кейінге қалдырылуға немесе босатылуға құқығы жоқ Қазақстан Республикасының ер азаматтарын, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізсін.
      2. Хромтау қаласы, ауылдық округ әкімдері, ұйымдардың басшылары, әскерге шақырушыларды Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. Ұсынылсын:
      1) «Хромтау аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (Қ. Қозбағаров) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) «Хромтау аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Н. Урисбаев) шақырудан бас тартқан, әскери борышын өтеуден жалтарған азаматтарды іздестіруді, шақыру учаскесіне әкелуді жүзеге асырылсын.
      4. «Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А. Құмаров) «2012 жылдың көктемгі және күзгі шақырудың қорытындысы туралы» ақпаратты Хромтау ауданы әкімінің аппаратына 2012 жылдың 25 маусымында және 25 желтоқсанында ұсынсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Ельдесовке жүктелсін.
      6.  Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                            А. Усманғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады