Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 389 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 21 желтоқсанда 2252 тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 01.03.2022 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Алматы облысы әкімдігінің 2014.19.09 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Алып тасталды - Алматы облысы әкімдігінің 01.03.2022 № 46 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.М. Мұқановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұсаханов

  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 389 қаулысына N 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 31.08.2023 № 301 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы

Нысанның атауы

Мекен жайы

1.

"Бақдәулет қазынасы" дүкені

Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы Абай көшесі №30а

2.

ЖК "Ибрагимов"

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Р.Мукашев көшесі №31

3.

"Бизнес орталық"

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы Абылай хан көшесі №233

4.

"Сымбат" дүкені

Кеген ауданы, Кеген ауылы Әзімжанов көшесі №25

5.

"Солнечный" дүкені

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы Алтын адам көшесі №119А

6.

"НІТ" супермаркеті

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы Абай көшесі №51

7.

"Современное домашнее хозяйство" сауда үйі

Талғар ауданы, Талғар қаласы Ю.Гагарин көшесі №122

8.

"Rayan" дүкені

Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы Парасат көшесі №27

9.

ЖШС "Altyn Orda New Company" ЖК "Еркөкше"

Қарасай ауданы, Іргелі ауылы Алматы-Бишкек тасжолы №765 ғимараты

10.

"Алтын Орда" сауда үйі

Қарасай ауданы, Алматы-Бишкек тасжолы 15 км №1/12

11.

ЖК "Тулендиев"

Қарасай ауданы "Асыл Арман" ТК №8958 уч.


  Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
10 желтоқсандағы N 389
қаулысына N 2-қосымша

Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды
өткізуге арналған үй-жайлардың орналасуы

N

Үй-жайдың орналасу орыны

1

Еңбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылы,

Жұмабеков көшесі, 9

2

Қарасай ауданы, "Барыс" автокөлік

базары

3

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы,

Абылайхан көшесі, 46 а, "Қарасай

батыр" спорт кешені

4

Қарасай ауданы, "Жеті құрдас" сауда

орталығы

5

Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы,

Бірлік көшесі, 68

6

Қарасай ауданы, Таусамалы ауылы,

Қонаев көшесі, 1

7

Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылдық

округы, Алматы-Өскемен автокөлік

жолының 124 шақырымында орналасқан

жол жиегі

8

Сарқан ауданы, Қарауылтөбе ауылы

9

Сарқан ауданы, Шатырбай ауылы,

Нұғманов көшесі, 37

10

Сарқан ауданы, Бірлік ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады