Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 46 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 10 наурызда № 27053 болып тіркелді

      Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 қаулысына "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2252 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 2 тармағы алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Алматы облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі К. Бозумбаев

  Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 46 қаулысына қосымша
  Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 қаулысына 1 - қосымша

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы

Нысанның атауы

Мекен жайы

1.

"Алакөл" сауда базары

Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, Алакөл базары, № 2 бутигі

2.

"Нұр-Ислам" дүкені

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Бесбаев көшесі, № 29/3

3.

"Бақдәулет қазынасы" дүкені

Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Абай көшесі, № 30 а

4.

"Алатау" сауда үйі

Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Абылай хан көшесі, № 90

5.

"Бизнес орталық"

Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Абылай хан көшесі, № 233

6.

"Ырыс" сауда үйі

Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 19 б

7.

"Асыл Қазына" кітап дүкені

Талдықорған қаласы, Оңтүстік-батыс тұрғын ауданы, ғимарат, № 13/1

8.

"Әлемді" сауда үйі

Талдықорған қаласы, Біржан сал, көшесі, № 50/52

9.

"Әмбебап" дүкені

Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 6

10.

"Сымбат" дүкені

Кеген ауданы, Кеген ауылы, Әзімжанов көшесі, № 25

11.

"Солнечный" дүкені

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алтын адам көшесі, № 119А

12.

"НІТ" супермаркеті

Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, № 51

13.

"Бекзат" сауда үйі

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы,
Абылай хан көшесі, № 19

14.

"Шаған" дүкені

Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 1

15.

"Современное домашнее хозяйство" сауда үйі

Талғар ауданы, Талғар қаласы, Ю.Гагарин көшесі, № 122

16.

"Жанна" дүкені

Текелі қаласы, М. Әуезов көшесі, № 32 үй

17.

"Жақсылық" сауда үйі

Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Ескелді би көшесі, № 107


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады