Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 6-55 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 27 сәуірде N 2-7-139 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 64-299 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 26.12.2019 № 64-299 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.

      2. Жамбыл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 наурыздағы "Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" (Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 19 сәуірінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-7-96 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 24 сәуірде N 16 (5497) "Атамекен" газетінде жарияланған) N 36-160 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әскербек Көкеұлы Абаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Г. Жылангөзова

Мәслихат хатшысы

Б. Қазиев

КЕЛІСІЛДІ:


Жамбыл аудандық жұмыспен


қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы


      13 сәуір 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады