Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 36-160 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 сәуірде N 2-7-96 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 6-55 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2012.04.13 N 6-55 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін (7065) 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек төленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, ғылым, білім беру, мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастар, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, құқық, азаматтардың бостандығы мен мүдделерін қорғау, депутаттық этика, өкілеттіктер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Әскербек Көкеұлы Абаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Сессия төрайымы             Р.С. Бапиева

      Мәслихат хатшысы           Б.Б. Қазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады