Қарасай ауданы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 7-4 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қарасай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 18 маусымда N 2-11-122 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 қарашадағы № 12-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 06.11.2012 № 12-14 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 4-тармағы 8) тармақшасына, 18-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1–тармағы 15) тармақшасына және Қарасай ауданының 2012 жылғы 6 сәуірдегі N 01-19/639 ұсынысына сәйкес Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарасай ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың "Бюджет, қаржы, әлеуметтік экономикалық даму, нарықтық құрылымдарды, экономика мен кәсіпкерлікті қалыптастыру жөніндегі" тұрақты комиссиясына (А. Сексенбаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қ. Қатубаев

      Қарасай аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Сыдық

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарасай ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімінің бастығы                          Хамитов Азат Нұрхасенұлы
      08 маусым 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады