2012 жылға жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы N 32 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 16 наурызда N 2-13-151 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 01 маусымдағы N 318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012.06.01 N 318 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-7) тармақшасына18-2 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 Қаулысына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (Диханбаева Айгүл Тұрдахынқызы) және "Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту орталығы" (Қасаблатов Серік Алмухаметұлы) мемлекеттік мекемелері жастар практикасын өту үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілерге жіберсін және жұмыс берушілермен жастар практикасын өту үшін жұмыс орнын құру туралы шарттар жасалсын.
      3. Кербұлақ аудан әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы "Кербұлақ ауданында жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу туралы" N 17 қаулының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 09 наурыздағы 2-13-109 нөмірімен енгізілген, 2010 жылғы 26 наурызда N 13 (3502) "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Жантілеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Кербұлақ аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Айгул Тұрдахынқызы Диханбаева
      22 ақпан 2012 жыл

      Кербұлақ аудандық жұмыспен
      қамту Орталығының директоры                Серік Алмухаметұлы Қасаблатов
      22 ақпан 2012 жыл

Кербұлақ аудандық әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
"2012 жылы жастар практикасын
ұйымдастыру туралы" N 32 қаулысына
қосымша

2012 жылғы өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар
практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс
берушілердің тізбесі

N

Жұмыс
берушінің
атауы

Ұйымдастыры-
латын жұмыс
орындарының
саны

Кәсіби
(мамандығы)

Айлық
жалақысының
мөлшері
(теңге)

Жастар
практикасының
ұзақтығы
(айлар)

1

"Кербұлақ
ауданы
әкімінің
аппараты"
мемлекеттік
мекемесі

2

Заңгер

26000

6

1

Экономист

26000

6

2

"Кербұлақ
аудандық
қаржы бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі

1

Есеп және
аудит

26000

6

3

"Кербұлақ
аудандық
жұмыспен
қамту және
әлеуметтік
бағдарламалар
бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі

1

Экономист

26000

6

4

"Кербұлақ
аудандық
салық
басқармасы"
мемлекеттік
мекемесі

2

Экономист

26000

6

5

"Кербұлақ
ауданының
ішкі саясат
бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі

1

Заңгер

26000

6

1

Саясат-
танушы

26000

6

6

"Кербұлақ
ауданының
экономика
және
бюджеттік
жоспарлау
бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі

1

Экономист

26000

6

1

Қаржыгер

26000

6

7

"Кербұлақ
аудандық жер
қатынастары
бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі

1

Мелиорация,
жерді
баптау
және
қорғау

26000

6

1

Заңгер

26000

6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады