Райымбек ауданы бойынша қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы N 8 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 10 ақпанда N 2-15-112 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 264 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 13.09.2016 № 264 қаулысымен.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Алматы облысы Райымбек аудандық әкімдігінің 18.03.2013 N 41 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік түріне қарамастан Райымбек ауданының ұйымдары мен мекемелерінде қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Райымбек аудандық әкімдігінің 18.03.2013 N 41 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік салаға жетекшілік ететін) аудан әкімінің орынбасары Бейеділов Талғат Ескендірұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Медеуов
      Келісілді:
      Райымбек аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Х. Зыкаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады