Жамбыл облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 323 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 15 қарашада № 1839 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №154 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 28.05.2014 №154 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5 бабының 4) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшке енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Насбекұлы Көкрекбаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2012 жылғы 25 қазан
№ 323 қаулысына қосымша

Жамбыл облысында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы


Атауы
Мекен-жайы
Иесінің аты-жөні
1.
"Меломан" дүкендер желісі
Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі, № 1 үй
Отмутская Светлана Александровна
2.
"Букинист" кітап дүкені
Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі, № 14 үй
Арапова Әсел Дадильханқызы
3.
"Кітап" дүкені
Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі, № 14 үй
Нұрлихина Гулжамал Камиқызы
4.
"Рысбаева және К"
Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, № 109 үй
Рысбаева Сәуле Макшанқызы
5.
"Бастау" дүкені
Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, № 255 үй
Шайділдаева Күлзада
6.
"Алуа" дүкені
Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі, № 66 үй
Ақшалова Гүлзағипа
7.
"Жуалы" ауылшаруашылығы тұтынушылардың кооперативі
Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, № 2 үй
Тәтенов Жіден
8.
"Халал ет" дүкені
Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, № 43 үй
Нартбаева Раушан Далбайқызы
9.
"Нұрділдә" сауда үйі
Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 54 үй
Наметқұлова Гүлнар Адепбайқызы
10.
"Махаббат әлемі" сауда орталығы
Меркі ауданы, Меркі ауылы, Ә.Исмайылов көшесі, № 214 үй
Қасымова Гүлжамал Шегебайқызы
11.
"Талас" дүкені
Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі, № 2 үй
Қалымбетов Нұржан
12.
"Айя" дүкені
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2- мөлтек ауданы 6 үй
Салтыбаев Дәмеш Заирқызы
13.
Колокольчик дүкені
Талас ауданы, Қаратау қаласы,Т. Рысқұлов көшесі, № 24 үй
Аяшева Ляззат Көмекбайқызы
14
"Гүлсім и К" ЖШС-нің кеңсе тауарлар дүкені
Шу ауданы, Шу қаласы, Абылайхан көшесі, № 4 үй
Мухамеджанова Гүлсім

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады