Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-9 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 қаңтарда № 1873 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар үйымдарымен байланыс және әйелдер істерімен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      Д. Қожамжарова Б. Қарашолақов

  Жамбыл облыстық
мәслихатының 2012 жылғы
7 желтоқсандағы № 10-9
шешіміне қосымша

Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің ТӘРТІБІ

      1. Негізгі ұғымдар:
      1) әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган – "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ескертпе: 1) тармақша жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2) алынып тасталды Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3) жұмыс беруші – медицина (фармацевтика) қызметкерлерімен еңбек шартын жасасқан, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын денсаулық сақтау ұйымы;
      4) ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған медицина қызметкері (әрі қарай – қызметкер) – жоғары медициналық білімі, маманның тиісті сертификаты бар, ауылдық жерге жұмыс істеуге уәкілетті орган жолдаған жеке тұлға;
      5) ауылдық жерге жұмысқа жолданған фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкер) – фармацевтикалық жоғары медициналық білімі, маманның тиісті сертификаты бар, ауылдық жерге жұмыс істеуге уәкілетті орган жолдаған жеке тұлға.
      2. Медициналық (фармацевтикалық) қызметкер әлеуметтік қолдауды алу үшін әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органға жеке куәліктің, дипломның, еңбек кітапшасының көшірмелерін, жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрықты, тұрғылықты жерден анықтаманы, 3х4 фото суретті (2 дана) ұсынады.
      Ескертпе: 2 тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Әлеуметтік қолдау алуға ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жолданған және тұруға келген, сондай-ақ жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан күнінен бастап алғашқы 5 жыл бойы еңбек міндеттерін атқаратын қызметкердің құқығы бар.
      4. Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
      1) жыл сайын ауылдық жерге қажетті медициналық (фармацевтикалық) мамандықтар бойынша сұранысқа талдау жүргізеді;
      2) медициналық (фармацевтикалық) қызметкерлерден өтініштер және олардың біліктілігін растайтын құжаттарды қабылдайды, әлеуметтік қолдауға мұқтаж қызметкерлердің тізімін жасайды;
      3) ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған медицина (фармацевтика) қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
      Ескертпе: 4 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      5. Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органның жолдауы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.
      Ескертпе: 5 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Әлеуметтік қолдауға 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек кіреді.
      Ескертпе: 6 тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облыстық мәслихатының 24.02.2016 № 46-7 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Біржолғы материалдық көмек қызметкермен еңбек шарты жасасқаннан кейін, оның өтініші негізінде екінші деңгейдегі банкте оған ашылған жеке шотына аудару жолымен төленеді.
      8. Өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкер облыс аумағындағы бір медициналық ұйымнан екінші ұйымға ауысқан және сол ұйым ауылдық жерде орналасқан жағдайда, қызметкердің әлеуметтік қолдау алуға құқығы сақталады.
      9. Еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіппен облыстық бюджет кірісіне бұрынырақ аударылған бюджеттік қаражатты қайтаруға шаралар қабылдайды.
      10. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдауды алу құқығынан айырылған сәттен (жұмыстан шығару, жұмыстан шеттету және тағы да басқа) 10 күннен кешіктірмей уәкілетті органды хабардар етеді.
      11. Қызметкерді әлеуметтік қолдау бойынша қаржыландыру әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.
      Ескертпе: 11 тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      12. алынып тасталды Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. алынып тасталды Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-6 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      14. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады