"Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қыркүйектегі № 2003 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы» Жамбыл облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1873 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтарда № 3 «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1 тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;»;
      2) тармақша алынып тасталсын;
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Медициналық (фармацевтикалық) қызметкер әлеуметтік қолдауды алу үшін әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органға жеке куәліктің, дипломның, еңбек кітапшасының көшірмелерін, жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрықты, тұрғылықты жерден анықтаманы, 3х4 фото суретті (2 дана) ұсынады.»;
      4 тармақтағы «Уәкілетті орган» деген сөздер «Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5 тармақтағы «Уәкілетті органның» деген сөздер «Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қызметкерді әлеуметтік қолдау бойынша қаржыландыру әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүргізіледі»;
      12 тармақ алынып тасталсын;
      13 тармақ алынып тасталсын;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және интернет-ресурстарында жариялау Жамбыл облыстық Мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік - мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істерімен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Облыстық Мәслихаттың                       Облыстық Мәслихаттың
      сессия төрайымы                            хатшысы
      Г. Тлеубердиева                            Б. Қарашолақов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады