Байланыс формасы

"Мұрағаттық анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы N 66/13 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 ақпанда N 2168 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 28.05.2014 № 25/11 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Ақпарат және мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" N 2315 және 2010 жылғы 20 шілдедегі "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" N 745 қаулыларына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Мұрағаттық анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.О. Жылбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Ә. Құсайынов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрі
      А. Жұмағалиев
      6 қаңтар 2013 ж.

Қарағанды облысы әкімдігінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
N 66/13 қаулысымен
бекітілген

"Мұрағаттық анықтамалар беру"
электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Мұрағаттық анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) "Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, мемлекеттік мұрағаттармен, баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – қызмет беруші) арқылы, сондай-ақ www.еgov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 09 қазандағы N 1278 қаулысымен бекітілген "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылу деңгейі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық қызмет көрсету.
      5. Осы "Мұрағаттық анықтамалар беру" электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:
      1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге арналған жүйе;
      2) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметтердi жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкiлдiк) және жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi – БСН);
      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      4) ЖАО – жергілікті атқарушы органдар "Қарағанды облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы", тікелей электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуші облыстың мемлекеттік мұрағаттары;
      5) ЖАО АЖ – жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйесі/Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" шлюзінің шағын жүйесі ретінде Өңірлік шлюз" ақпараттық жүйесі, жергілікті атқарушы орган қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орыны бөлігінде;
      6) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл белгілі кезеңде электрондық қызмет көрсетуге қатысатын өкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері тізбесі;
      7) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсінше нысанға өзгерту қажет кезінде қызметтерді көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуі;
      8) мемлекеттік электрондық қызметтер – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
      9) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      10) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
      11) БНАЖ – Қазақстан Республикасының бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі;
      12) ХҚКО – Халыққа қызмет көрсету орталығы;
      13) ХҚКО АЖ – Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі;
      14) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      15) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
      16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
      17) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) – электрондық қызметтерді жүзеге асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе;
      18) "электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) – ЖАО ішкі жүйелері/шағын жүйелері мен ЖАО электрондық қызмет көрсету үдерісіне қатысатын сыртқы ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
қызмет беруші жұмысының тәртіптері

      6. ЭҮП арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдардың N 1 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:
      1) тұтынушы ЖСН/БСН және пароль арқылы ЭҮП тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін тұтынушымен ЖСН/БСН және парольды енгізу (авторизация үдерісі);
      3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы мәліметтердің дұрыстығын ЭҮП тексеру;
      4) 2-үдеріс – тұтынушының мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты ЭҮПмен авторизациялауда бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – осы Регламентте көрсетілген қызметті тұтынушымен таңдау, құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып қызмет көрсету мен нысанды толтыру үшін сұраныс нысандарын экранға шығару (мәліметтерді енгізу), Стандарттың 11-тармағында көрсетілген сұраныс нысанына электрондық түрде қажетті құжаттар көшірмелерін бекіту, сондай-ақ, сұранысты куәландыру (қол қою) үшін тұтынушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
      6) 2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және шақыртылған (күші жойылған) ЖАО АЖ тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) тексеру;
      7) 4-үдеріс – Тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұралған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – Тұтынушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету үшін сұранысты куәландыру және қызмет берушімен өңдеу үшін ЭҮӨШ АЖО ЭҮШ арқылы электрондық құжатты (сұранысты) бағыттау;
      9) 6-үдеріс – Электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО тіркеу;
      10) 3-шарт – Тұтынушы қоса ұсынған, Стандартта және қызмет көрсетуге негіздемеде көрсетілген құжаттардың сәйкестігін қызмет берушімен тексеру (өңдеу);
      11) 7-үдеріс – тұтынушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-үдеріс – тұтынушымен ЭҮӨШ АЖО қалыптасқан қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанында мұрағаттық анықтаманың дайындығы туралы хабарлама) алу. Электрондық құжат қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануы арқылы қалыптасады.
      7. Қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдардың N 2 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:
      1) 1-үдеріс – қызмет берушінің қызметкерімен қызмет көрсету үшін ЭҮӨШ АЖО ЖСН/БСН және парольді енгізу (авторизация үдерісі);
      2) 2-үдеріс – қызмет берушінің қызметкерімен осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызмет көрсету үшін сұраныс нысандарын экранға шығару және қызмет берушінің қызметкерімен тұтынушының мәліметтерін енгізу;
      3) 3-үдеріс – ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖТ ММБ/ЗТ ММБ-на тұтынушының мәліметтері туралы сұранысты бағыттау;
      4) 1-шарт – ЖТ ММБ/ЗТ ММБ тұтынушы мәліметтерінің болуын тексеру;
      5) 4-үдеріс – ЖТ ММБ/ЗТ ММБ тұтынушы мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-үдеріс – қызмет беруші қызметкерімен қағаздық нысандағы құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұраныс нысанын толтыру және қызмет көрсетуге толтырылған сұраныс нысанын (енгізілген мәліметтерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО тіркеу;
      8) 2-шарт – қоса ұсынылған, Стандартта және қызмет көрсетуге негіздемеде көрсетілген құжаттардың сәйкестігін қызмет берушімен тексеру (өңдеу);
      9) 7-үдеріс – тұтынушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      10) 8-үдеріс – тұтынушымен ЭҮӨШ АЖО қалыптасқан қызмет нәтижесін (мұрағаттық анықтама) алу. Электрондық құжат қызмет берушінің өкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалануы арқылы қалыптасады.
      8. ХҚКО арқылы қызмет берушінің адымдық әрекеттері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдардың N 3 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:
      1) 1-үдеріс – Орталық операторының қызмет көрсету үшін ХҚКО АЖ АЖО логин мен парольді енгізуі (авторизация үдерісі);
      2) 2-үдеріс – Орталық операторымен осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызмет көрсету үшін сұраныс нысандарын экранға шығару және Орталық операторымен тұтынушының мәліметтерін, сондай-ақ тұтынушы өкілінің сенімхаты бойынша мәліметтерді (нотариалды куәландырылған сенімхат жағдайында, сенімхат басқаша куәландырылған жағдайда – сенімхат мәліметтері толтырылмайды) енгізу;
      3) 3-үдеріс – ЖТ ММБ/ЗТ ММБ-на ЭҮШ арқылы тұтынушының мәліметтері туралы, сондай-ақ БНАЖ арқылы тұтынушы өкілінің сенімхаты мәліметтері туралы сұранысты бағыттау;
      4) 1-шарт – ЖТ ММБ/ ЗТ ММБ тұтынушы мәліметтерінің, БНАЖ сенімхат мәліметтерінің болуын тексеру;
      5) 4-үдеріс – ЖТ ММБ/ ЗТ ММБ тұтынушы мәліметтерінің, БНАЖ сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6) 5-үдеріс – Орталық операторымен қағаздық нысандағы құжаттардың болуы туралы белгі бөлігінде сұраныс нысанын толтыру және тұтынушы ұсынған құжаттарды сканирлеу, оларды сұраныс нысанына бекіту және қызмет көрсетуге толтырылған сұраныс нысанын (енгізілген мәліметтерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;
      7) 6-үдеріс – ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-на Орталық операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (тұтынушы сұранысын) бағыттау;
      8) 7-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО тіркеу;
      9) 2-шарт – тұтынушы қоса ұсынған, Стандартта және қызмет көрсетуге негіздемеде көрсетілген құжаттардың сәйкестігін қызмет берушімен тексеру (өңдеу);
      10) 8-үдеріс – тұтынушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-үдеріс – тұтынушымен Орталық операторы арқылы қызмет нәтижесін (мұрағаттық анықтама) алу.
      9. Сұранысты толтыру және қызметке жауап нысаны www.egov.kz. "электрондық үкімет" веб-порталында келтірілген.
      10. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұранысты орындау мәртебесін алушымен тексеру әдісі: ЭҮП "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде, сондай-ақ, ЖАО немесе ХҚКО өтініш білдірген кезде.
      11. Электрондық мемлекеттік қызмет жөнінде ақпарат алу үшін, сондай-ақ олардың сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажеттілігі жағдайында байланыс телефонының нөмірі: 8 (7212) 56-91-08, Порталдың сall-Орталығы телефоны бойынша: (1414).

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      12. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ тізбесі:
      Қызмет беруші;
      Орталық операторы;
      ЭҮП;
      ЭҮШ;
      ЭҮӨШ АЖО;
      ХҚКО АЖ;
      ЖТ ММБ/ЗТ ММБ;
      БНАЖ.
      13. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген ҚФБ іс-қимылы дәйектілігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      14. ҚФБ сипаттамасына сәйкес іс-қимылдардың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар осы Регламентке 1-қосымшада (N 123 диаграммалар) келтірілген.
      15. Осы Регламентке 345-қосымшаларда электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі соған сәйкес ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері көрсетілген.
      16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      17. Тұтынушылармен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттарды алудан қорғау);
      2) тұтастық (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттардың өзгеруінен қорғау);
      3) қолжетімділік (рұқсат етілмеген іс-қимылдармен ақпараттар мен қорларды ұстаудан қорғау).
      4) тұтынушы белгіленген мерзімде ала алмаған құжаттардың сақталуы.
      18. Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің техникалық шарттары: компьютердің болуы, ғаламторға шығу, анықтама берілетін тұлғада ЖСН болуы, ЭҮП авторизациясы, пайдаланушының ЭЦҚ болуы.

"Мұрағаттық анықтамалар беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
1-қосымша

ЖАО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік
қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдардың
N 1 диаграммасы

ХҚКО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік
қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдардың
N 2 диаграммасы

ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік
қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдардың
N 3 диаграммасы

Кесте. Шартты белгілер

"Мұрағаттық анықтамалар беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
2-қосымша

      1 кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) N

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮП

Тұтыну-шы

ЭҮП

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЖСН және пороль бойынша ЭҮП авторизацияланады

Тұтынушының мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланыс-ты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Қызметті таңдайды және ЭЦҚ тұтынушының таңдауымен сұраныс мәліметтерін қалыптастырады

ЭЦҚ тұтынушының мәліметтерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұраныстың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны бейнелеу

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Сұранысты маршруттау

Сұратылған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

5

Орындау мерзімдері

30 сек – 1 минут

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2 – тұтынушы мәліметтерінде бұзылушылықтар болса;
3 – егер авторизация сәтті өтсе

4 - тұтынушы мәліметтерінде бұзылушылықтар болса;
5 – егер бұзылушылық болмаса

-

      кестенің жалғасы

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) N

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Тұтынушы

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою) және сұранысты ЭҮӨШ АЖО бағыттау

Құжатты тіркеу

Тұтынушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Тұтынушымен қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанында мұрағаттық анықтаманың дайындығы туралы хабарлама) алу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұранысты маршруттау

Өтініш нөмірін иеленіп сұранысты тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Шығатын құжатты бейнелеу

5

Орындау мерзімдері

30 сек – 1 минут

1 минут

30 сек

15 күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

-

7 - тұтынушы мәліметтерінде бұзылушылықтар болса;
8 – егер бұзылушылық болмаса

-

-

      2 кесте. Қызмет беруші арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) N

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

Қызмет беруші

Қызмет беруші

ЖТ ММБ/ЗТ ММБ

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

ЖСН мен пароль арқылы ЭҮӨШ АЖО авторизацияланады

Қызмет берушінің қызметкерімен таңдау

Тұтынушының мәліметтері туралы сұранысты ЖТ ММБ/ЗТ ММБ бағыттау

ЖТ ММБ/ЗТ ММБ мәліметтердің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Өтініш нөмірін иелене отырып жүйеде сұранысты тіркеу

Сұраныстың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны бейнелеу

Сұранысты маршруттау

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

5

Орындау мерзімдері

10-15 сек

10 сек

1,5 мин

10-15 сек

6

Келесі әрекеттің нөмірі

-

4 – бұзылушылықтар болса;
5 –  бұзылушылық болмаса

-

      кестенің жалғасы

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) N

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

Қызмет беруші

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Сканирленген құжаттарды бекіте және ЭЦҚ куәландыра отырып сұраныс нысанын толтыру

Құжатты тіркеу

Тұтынушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Тұтынушымен қызмет нәтижесін алу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Сұранысты маршруттау

Өтінішке нөмір иелене отырып жүйеде сұранысты тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Қызмет нәтижесін (мұрағаттық анықтама) қалыптастыру

5

Орындау мерзімдері

10-15 сек

1,5 мин

1,5 мин

15 күн

6

Келесі әрекеттің нөмірі

6

7 – бұзылушылықтар болса;
8 – бұзылушылықтар болмаса

-

-

      3 кесте. ХҚКО арқылы ҚФБ әрекеттерін сипаттау

1

Әрекет (жұмыстар барысының, ағынының) N

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

ХҚКО АЖ АЖО

Орталық операторы

Орталық операторы

ЖТ ММБ/ЗТ ММБ БНАЖ

3

Әрекеттің (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Логин мен пароль бойынша Орталық операторы авторизацияланады

Қызметті таңдайды және сұраныс мәліметтерін қалыптастырады

Сұранысты  ЖТ ММБ/ЗТ ММБ БНАЖ бағыттау

Тұтынушы мәліметтерінің болмауына байланыс-ты мәліметтерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама-ны қалыптастырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Өтініш нөмірін иелене отырып жүйеде сұранысты тіркеу

Сұраныстың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны бейнелеу

Сұранысты маршруттау

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

5

Орындау мерзімдері

30 сек – 1 минут

30 сек

1,5 мин

1,5 мин

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3

4 - тұтынушы мәліметтерінде бұзылушылықтар болса;
5 – бұзылушылықтар болмаса

-

      кестенің жалғасы

1

5

6

7

8

9

2

Орталық операторы

Орталық операторы

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

ЭҮӨШ АЖО

3

Қажетті құжаттарды сұраныс нысанына бекіте отырып сұранысты толтыру және ЭЦҚ куәландыру

ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) құжатты бағыттау

Құжатты тіркеу

Тұтынушының құжаттарында орын алған бұзушылықтарға байланыс-ты қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Тұтынушымен қызмет нәтижесін алу

4

Сұраныстың сәтті қалыптасқаны туралы хабарламаны бейнелеу

Сұранысты маршруттау

Өтініш нөмірін иелене отырып сұранысты тіркеу

Дәлелді бас тартуды қалыптастыру

Қызмет нәтижесін (мұрағаттық анықтама) қалыптастыру

5

30 сек – 1 минут

1 минут

1 минут

30 сек – 1 минут

15 күн

6

-

-

8 – бұзылушылықтар болса;
9 – бұзылушылықтар болмаса

-

-

"Мұрағаттық анықтамалар беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
3-қосымша

      Электрондық мемлекеттік қызметке сауалнама-өтініштің
                         экрандық нысаны

                                Мемлекеттік мұрағат директоры:
                                _____________________________________
                                                           (Директордың аты-жөні)
                                өтініш беруші: ______________________
                                                           (Тұтынушының аты-жөні)
                                Мекенжайы: __________________________
                                                          (Тұтынушының мекенжайы)
                                Телефоны: ___________________________
                                                      (Тұтынушының байланыс телефоны)

                        Сауалнама-өтініш

1 Мәлімет сұралатын тұлға үшін


1.1 Тұлғаның аты-жөні


1.2 Аты-жөнін өзгерту


1.3 Туған жылы


1.4 Индексі көрсетілген пошталық мекенжайы, байланыс телефоны


2 Мәлімет не жайында сұралады


3 Мәлімет қайда және қандай мақсатта сұралады


4 Анықтама сұратылған кезең


5 Жұмыс, қызмет, оқу орнының нақты атауы

Атауы

Кезеңнен

Кезеңге дейін

Лауазымы









Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз тасылмадағы құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 N 370-ІІ от 7 января 2003
года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.

Штрих-код "Электрондық әкімдік" ақпараттық жүйесі ұсынған және
мемлекеттік мұрағатының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол
қойылған деректерін қамтиды
Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой
"Электронный акимат" и подписанные электронно-цифровой подписью
государственного архива

"Мұрағаттық анықтамалар беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
4-қосымша

      Электрондық мемлекеттік қызметке жағымды жауаптың
            (мұрағаттық анықтаманың) шығу нысаны

Кімге _______________________________________________________________
                        Өтінушінің аты-жөні немесе компанияның атауы
Мұрағаттық анықтама түрі ____________________________________________
Анықтамада сұралатын кезең __________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (мұрағаттық анықтаманың мазмұны көрсетіледі)
Негіз _______________________________________________________________

      Мұрағат директоры ______________________________
                                          (аты-жөні)

      Мұрағатшы ______________________________________
                                          (аты-жөні)

      Анықтамаға құжаттар қоса ұсынылады:

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз тасылмадағы құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 N 370-ІІ от 7 января 2003
года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.

Штрих-код "Электрондық әкімдік" ақпараттық жүйесі ұсынған және
мемлекеттік мұрағатының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол
қойылған деректерін қамтиды
Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой
"Электронный акимат" и подписанные электронно-цифровой подписью
государственного архива

"Мұрағаттық анықтамалар беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
5-қосымша

      Электрондық мемлекеттік қызметке теріс жауаптың
           (мұрағаттық анықтаманың) шығу нысаны

                                    Кімге: __________________________
                                                            (Тұтынушының аты-жөні)

      Сіз сұрау салған деректер бойынша ақпарат жоқ екендігін
хабарлаймыз.

      Бас тартудың себебі: __________________________________________

      Мұрағат маманы: _______________________________________________
                                                (аты-жөні)

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-II ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына
сәйкес қағаз тасылмадағы құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 N 370-ІІ от 7 января 2003
года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи"
равнозначен документу на бумажном носителе.

Штрих-код "Электрондық әкімдік" ақпараттық жүйесі ұсынған және
мемлекеттік мұрағатының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол
қойылған деректерін қамтиды
Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой
"Электронный акимат" и подписанные электронно-цифровой подписью
государственного архива

"Мұрағаттық анықтамалар беру"
электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне
6-қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметтің "сапа" және "қолжетімділік"
көрсеткіштерін анықтау үшін сауалнаманың нысаны

_____________________________________________________________________
                        (қызметтің атауы)

      1. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің сапасына және нәтижесіне қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара қанағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

      2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба?
      1) қанағаттанған жоқпын;
      2) ішінара канағаттанамын;
      3) қанағаттанамын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады