Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында көшпелі сауда орындарын анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 мамырдағы N 25/08 қаулысы. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 21 маусымда N 8-1-157 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 25.05.2016 № 21/10 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан аумағында сауда қызметін ретке келтіру мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары А.А. Елжасовқа, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Ж.М. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Б. Әбдішев

      

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 22 мамырдағы
N 25/08 қаулысына
қосымша

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан аумағындағы көшпелі сауда орындарының тізімі

1.
Бұқар жырау даңғылы (Бұқар жырау даңғылы, 74, "Дәмежан" дүкені мен Бұқар жырау даңғылы, 76, "Мечта" сауда үйінің аралығы)
2.
Нұркен Әбдіров даңғылы (Нұркен Әбдіров даңғылы, 26, ("Мечта" сауда үйіне қарсы)
3.
Құрылысшылар даңғылы (Құрылысшылар даңғылы, 6/4, "Береке" сауда үйінің алдындағы алаң)
4.
Бейбітшілік бульвары (Бейбітшілік бульвары, 26, "Имидж" дүкеніне қарсы саябақ)
5.
Бейбітшілік бульвары ("Диетстоловая" аялдамасы мен Бейбітшілік бульвары, 5 үй аралығы)
6.
Гоголь көшесі (Гоголь көшесіндегі N 57 үйге қарсы)
7.
Ермеков көшесі (Ермеков көшесі, 62, "Айман" дүкенінің маңы)
8.
Кривогуз көшесі (Кривогуз көшесі, 33, әлеуметтік павильондар мен "Казинвестбанк" акционерлік қоғам аралығы)
9.
Ержанов көшесі (Ержанов көшесі, 46, "Садрэ" мейрамханасының маңы)
10.
Гастелло көшесі (Гастелло көшесі, 34 "Луч", дүкенінің маңы)
11.
"Степной-3" ықшам ауданы ("Степной-3" ықшам ауданы, 8, "Жарасым" дүкенінің маңы)
12.
Бұқар жырау даңғылы ("15 дүкен" аялдамасы, Бұқар жырау даңғылы, 11)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады