Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 маусымда № 3847 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 37/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 25.08.2017 № 37/01 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, көшпелі саудаға арналған орындарды анықтау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында көшпелі саудаға арналған орындар анықталсын.

      2. Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Көшпелі сауда туралы" 2009 жылғы 22 шілдедегі № 34/03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-98 болып тіркелген, 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 109 "Индустриальная Караганда", 2009 жылғы 15 қыркүйекте № 140 "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған);

      2) "Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында көшпелі сауда орындарын анықтау туралы" 2012 жылғы 22 мамырдағы № 25/08 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-157 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 шілдеде № 82 (21246) "Индустриальная Караганда", 2012 жылғы 10 шілдеде № 112 (21318) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Әубәкіров

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "25" 05
№ 21/10 қаулысына
қосымша

Қарағанды қаласының аумағында көшпелі саудаға арналған орындар

      1. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының аумағындағы:

      1) Бұқар жырау даңғылы (Бұқар жырау, 74, "Дәмежан" дүкені және Бұқар жырау даңғылы, 76 "Мечта" сауда үйінің арасында);

      2) Нүркен Әбдіров даңғылы (Нүркен Әбдіров даңғылы, 26, "Мечта" сауда үйіне қарама қарсы);

      3) Құрылысшылар даңғылы (Құрылысшылар даңғылы, 6/4, "Береке" сауда үйінің алдындағы алаң);

      4) Лобода көшесі, № 25 үй алдында;

      5) Гоголь көшесі (Гоголь көшесі бойындағы № 57 үйге қарама қарсы);

      6) Кривогуз көшесі (Кривогуз көшесі, 33, "Казинвестбанк" акционерлік қоғамы және әлеуметтік павильон арасында);

      7) Ержанов көшесі (Ержанов көшесі, 46, "Садрэ" мейрамханасының жанында);

      8) "Степной – 3" шағын ауданы ("Степной – 3" шағын ауданы, 8, "Турист" дүкенінің жанында);

      9) Бұқар жырау даңғылы (Бұқар жырау даңғылы, 11, "15 дүкен" аялдамасы);

      10) Федоровка су қоймасы маңайында, "Машинажасау" саяжай бірлестігі аялдамасы жанында.

      2. Қарағанды қаласының Октябрь ауданының аумағындағы:

      1) Көгілдір тоғандар шағын ауданы, № 17 үймен іргелес аумақта);

      2) 18 шағын ауданы, № 12 үймен іргелес аумақта, ("Камелот" дүкені);

      3) 17 шағын ауданы, № 41, 42 үйлерімен іргелес аумақта;

      4) 15 шағын аудан, № 25 үй маңында;

      5) 23 шағын ауданы, № 11 үйінің іргелес аумағында ("На ступеньках" дүкенінің алдында);

      6) Мануильский көшесі, № 19 үймен іргелес аумақта ("Рахат" дүкені);

      7) Медицинский көшесі, № 60 үйі маңында;

      8) 22 шағын ауданы, № 23 үймен іргелес аумақта;

      9) "Оптимист-2" саяжай бірлестігі аялдамасы жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады