Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы N 18/3 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2012 жылғы 5 маусымда N 8-3-141 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы N 21/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 29.05.2014 N 21/6 қаулысымен.
      Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарына және басқа да заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2012 жылғы 1 наурыздан бастап үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) тоқсан сайын әр мүгедек балаға төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілуін қамтамасыз етсін.
      2. Мыналар белгіленсін:
      1) әлеуметтік көмек мүгедек балаларға (мемлекеттің толық қамтамасыз етілуіндегі мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және басқа да заңды өкілдеріне ұсынылады;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады;
      3) әлеуметтік көмек төлемі өткен айға төленеді. Әлеуметтік көмек төлемін тоқтатуға әкелетін себептер болған жағдайда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың өлімі, мүгедектігін алып тастау), төлемдер осы жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      3. "Теміртау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек көрсетуге арналған төлемдердің уақытында қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Юрий Викторович Жулинге жүктелсін.
      5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
 
 

Теміртау қаласының әкімі

Н. Сұлтанов

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады