2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы мәслихатының ХII сессиясының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы N 12/94 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда N 2114 тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 51 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 51 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарқаралы ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының 2013 жылға арналған мөлшерлері, осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Т. Даутов
Аудандық мәслихат хатшысы
С. Нүркенов
КЕЛІСІЛДІ:
 
"Қарқаралы ауданы бойынша
 
салық басқармасы" мемлекеттік
 
мекемесінің бастығы
 
Р. Мүкеева
 

      
      14 желтоқсан 2012 жыл

  Қарқаралы аудандық мәслихатының
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
N 12/94 шешіміне
қосымша

Қарқаралы ауданында 2013 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері

Рет N
Салық салу объектісінің атауы
Айына тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері (айлық есептік көрсеткіштер)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
4
4.
Ойын жолы
7
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады