Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2012 жылғы 9 қарашадағы N 111 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда N 2002 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-151 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашада "Сельский труженик" газетінің N 47 (7271) санында жарияланған), Осакаров аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 наурыздағы N 27 "Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы 52 сессиясының N 414 "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-15-166 болып енгізілген, "Сельский труженик" газетінің 2012 жылғы 14 сәуірде N 15 (7291) санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      Орыс тіліндегі шешімінің тақырыбында және 1 тармағында "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі Ереженің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;
      орыс тіліндегі Ереженің кіріспесінде "Настоящие Правила" және "порядок" сөзінен кейін "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;
      Ереженің 7 тармағы алынып тасталсын;
      Ереженің 8 тармағы алынып тасталсын:
      Орыс тіліндегі Ережеге қосымшада "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            В. Ямковой

      Аудандық мәслихат хатшысы                  К. Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады