Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 қазандағы N 414 шешімі. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 15 қарашада N 8-15-151 тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін (қоса тіркелген).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік - мәдени дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Врона Е.М.).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

И. Шакирбеков

Аудандық мәслихат хатшысы

К. Саккулаков


  Осакаров аудандық мәслихатының
2011 жылғы 25 қазандағы
N 414 шешімімен
бекітілген

Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының Осакаров аудандық мәслихаты белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегі егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормасының шегінде және тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасының шегінде, бірақ нақты алып жатқан жалпы ауданнан көп емес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге шығындары және тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне шығындарының нормативтері отбасы бюджетінде осы мақсатқа жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.

      Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесі табысы аз отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) алған кірістердің жалпы сомасы (бұдан әрі – жиынтық табыс);

      2) коммуналдық қызметтер-қауіпсіз және жайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға көрсетілетін, сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;

      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
      4) алынып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;

      5) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу- қажет болған жағдайда тозған құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, көп пәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын жаңа немесе неғұрлым берік және үнемді объектілерге ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      7) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі-өтініш беруші);

      8) телекоммуникация желілерінің абоненті - телекоммуникация желілерінің байланыс қызметтерін осы мақсаттар үшін абоненттік нөмір немесе сәйкестендіру коды бөлінген кезде осындай қызметтер көрсету туралы шарт негізінде пайдаланушы жеке тұлға;

      9) телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі – телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы;

      10) шот – тұрғын үй көмегін тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште не қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште өтініш берушімен ұсынылатын коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға шығыстар, оның ішінде кондоминиум объектісін ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу, байланыс қызметтер ақысын төлеу құжаты;

      11) тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган - "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – бөлім);

      12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – көпбалалы отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;

      12-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2012.03.13 N 27 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2013 N 160 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 N 478 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 N 793 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      4. Тұрғын үй көмегі бөліммен өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша келесі мөлшерлер бойынша беріледі:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй беру нормасына баламалы (18 шаршы метр), көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы - 30 шаршы метр;

      2) бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшері:

      газ тұтыну нормасы:

      қызметті көрсетушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртек, анықтама, чек) баллон газын нақты шығындар бойынша, бірақ көлемді газды тұтыну бойынша айына бір адамға бекітілген нормативтен артық емес тұтыну (айына 8 килограмнан көп емес);

      қатты отын тұтыну нормасы:

      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1985 жылға дейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 98 килограмм; 1985 жылдан кейін салынған тұрғын үй ғимараттары үшін 1-2 қабатты салынған үйлері үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты салынған үйлері үшін 72 килограмм (жылу беру маусымы 7 ай есебінде), бірақ үйге 7 тонна көмірден артық емес.

      Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.

      электрэнергиясын тұтыну:

      газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт;

      3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) басқару үлгісіне тәуелсіз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді;

      4) тұрғын үй көмегін алушылар үшін кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығындары алушының жеке меншік көлемінің кондоминиум объектісінің жалпы көлеміне арақатынас жолымен анықталады.

      Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу кезегі пәтер иелеріменен жалпы жиналыста бекітіледі.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуінің сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте өтелуіге жатады.

      6. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді белгіленген нормадан жоғары пайдалануға арналған шығыстарға ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2012.11.09 N 111 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2012.11.09 N 111 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындаған даулар сот арқылы шешіледі.

      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарды төлеудің нақты есептелген сомадан артуы тиіс емес.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Тұрғын үй көмегі ақшалай және аударма түрінде көрсетіледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.

      Ақшалай түр ақшалы төлемдер түрінде бекітіледі. Өткен ай үшін тұрғын үй көмегін төлеу бюджеттік қаржы есебінен азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен бөліммен жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегінің төлем үлгісін (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) таңдау құқығы алушыға ұсынылады.

      12. Тұрғын үй көмегінің сомаларын жеке шотқа аудару кезінде бөлімге салымшылардың бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй көмегінің сомалары салымынан аудару үшін банктік формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануларын тексеріп отыру қажет.

      13. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу мына жағдайда тоқтатылады, егер алушы:

      1) бөліммен белгіленген уақытқа сәйкес тиісті құжаттарды ұсынбаса;

      2) алынатын тұрғын үй көмегін мақсатсыз пайдаланса және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысын және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне төлемді өз уақытында төлемесе.

      14. Тұрғын үй көмегіннің төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері және мерзімділігі

      15. Көпбалалы отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      16. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он күн ішінде алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде, соның ішінде тұрғын үй меншігінің нысанының, отбасы құрамы және оның жиынтық табыстарының өзгерістері, жұмыссыздар - мәртебесінің өзгергені туралы бөлімге жазбаша хабарлаулары тиіс.

      17. Отбасының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалануға шекті жол берілетін шығыстарының үлесі өзгергергенде, болған уақыттан бастап бұрын тағайындалған көмектің қайта есептеуі жүргізіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18. Көмекке құқықтар анықтау кезінде отбасында басқа елді мекенде уақытша тұратын тұлғалары тиісті құжаттармен дәлелденуімен есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй көмегін өтіну және тағайындау тәртібі

      19. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстар мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 19-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Шешім 19-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20.06.2018 N 478 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19-2. Осы Ереженің 19-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Шешім 19-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20.06.2018 N 478 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 19-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20.06.2018 N 478 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Шешім 19-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20.06.2018 N 478 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Шешім 19-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20.06.2018 N 478 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Шешім 19-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 20.06.2018 N 478 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      20. Құжаттар түпнұсқасымен және көшірмесімен салыстыру үшін тапсырылады, одан соң құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылып, ал көшірмелері жеке іске тігіледі.

      21. Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың растығына (мәліметтерге) күмән туындаған жағдайда бөлім тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық - тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.

      22. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша бөліммен алушының жеке ісі қалыптастырылады.

      23. Ақпараттың растығына күмән туындаған жағдайда бөлім тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдарға сұраныс жасауға құқылы.

      24. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 10.03.2021 N 43 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Осакаров ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне
қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы
Өтініш

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 19.02.2016 N 610 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады