Байланыс формасы

Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 2 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 59 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 тамызда № 3821 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селоларын" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылдарын" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Олардың жер пайдалану шегіндегі аумақтарын қоса келесі елді мекендер:
      Қамысты ауданының Жайылма ауылдық округіне Қамысты ауданының Пушкин ауылы;
      Таран ауданының Белинский ауылдық округіне Таран ауданының Смайыл ауылы;
      Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылдық округіне Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылы, оны округ орталығы етіп белгілей отырып;
      Арқалық қаласының Қайынды ауылдық округіне Арқалық қаласының Алуа ауылы әкімшілік бағынысқа берілсін.
      2. Амангелді ауданының Үштоғай ауылдық округі Амангелді ауданының Степняк және Үштоғай ауылдарын құрамына ала отырып, округ орталығы Ұштоғай ауылы болып белгіленіп, құрылсын.
      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он кұн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысының әкімі
_______________ Н. Садуақасов

Сессия төрайымы
__________ Р. Бектұрғанова


Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
____________ С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады