2012 жылға арналған субсидия алушылар тізіміне енгізуге өтінімдерді ұсынудың мерзімдерін және ауыл шаруашылық дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 149 қаулысы. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 25 мамырда № 9-7-160 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 175 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2012.06.28 № 175 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес және 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстары негізінде Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім ұсыну мерзімі осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтінен бастап және 2012 жылғы 1 маусымға дейін белгіленсін.
      2. 2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себудің оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ауыл
      шаруашылық бөлімі" ММ бастығы
      _______________ А.С. Нұғыманов

Әкімдіктің        
2012 жылғы 21 мамырдағы 
№ 149 қаулысына қосымша 

2012 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл
шаруашылығы дақылдар түрлері бойынша
оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы дақылдарының
атауы

Себу мерзімдері

1

Дәнді (күздік дақылдардан
басқа)

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

2

Бұршақтұқымдас

15 мамырдан 5 маусымға
дейін

3

Майлы дақылдар

18 мамырдан 30 мамырға
дейін

4

Жемшөптік (өткен жылдарындағы
көпжылдық шөптерінен басқа)

30 сәуірден 15 шілдеге
дейін

5

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

15 мамырдан 31 мамырға
дейін

6

Бірінші, екінші және үшінші
өсіру жылдарындағы
бұршақтұқымдас көпжылдық
шөптер

20 сәуірден 1 тамызға
дейін

7

Күздік дәнді дақылдар

15 тамыздан 1 қыркүйекке
дейін

8

Көкөніс және бақша дақылдары

25 сәуірден 10 маусымға
дейін

9

Картоп

10 мамырдан 31 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады