Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 26 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 маусымда № 9-7-163 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2013 жылғы 7 наурыздағы № 38 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 07.03.2013 № 38 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 2 тармағының 7) тармақшасына және 8 тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2012 жылға ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрайымы                   Л. Войлошникова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданының әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ А.С. Нұғыманов

      "Әулиекөл ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Т.И. Печникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады