Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 48 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 2 сәуірде № 9-16-136 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 16.03.2015 № 110 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ә. Закаринге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           Т. Ержанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы бойынша қылмыстық-
      атқару жүйесі комитеті департаментінің
      Науырзым аудандық қылмыстық-атқару
      инспекциясының аға инспекторы
      __________________ Б. Айсенов
 

Әкімдіктің       
2012 жылғы 6 наурыздағы 
№ 48 қаулысына қосымша  

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Аумақты мұздан тазалау.
      2. Аумақты қардан тазалау.
      3. Аумақты қоқыстан тазалау.
      4. Аумақты арамшөптен тазалау.
      5. Жас бұтақтарды кесу.
      6. Ағаштарды кесу.
      7. Ағаштарды ақтау.
      8. Ағаш отырғызу.
      9. Қоршауды сырлау.
      10. Ғимаратты ақтау.
      11. Ғимаратты сырлау.
      12. Шөпті шабу.
      13. Гүлзарларды бөлу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады