Мәслихаттың 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2012 жылғы 29 тамыздағы № 56 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қыркүйекте № 3834 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 263 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 20.03.2015 № 263 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97-бабының 2-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 312 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-18-125 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 18 қарашада "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі белгіленген нормалар шегінде жиынтық табыстан он процент мөлшерінде белгіленеді.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Он бірінші кезекті сессиясының төрағасы    А. Мәдибаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               С. Жолдыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Таран ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ Л. Утешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады