Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 163 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 маусымда № 9-19-179 тіркелді

      "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысының 12-тармағына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылық ғылыми–зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұсынысының негізінде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы оңтайлы себу мерзімдері айқындалсын:
      1) жаздық дәнді (бидай, арпа, сұлы, қара құмық) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      2) бұршақтұқымдастар (бұршақ, аңқа) 15 мамырдан 5 маусымға дейін;
      3) майлы (рапс, күнбағыс, зығыр, қыша) 18 мамырдан 30 мамырға дейін;
      4) күзгі дәнді (қара бидай, бидай) 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін;
      5) картоп 10 мамырдан 31 мамырға дейін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.С. Болатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының кәсіпкерлік
      және ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ К. Аскаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады