"Аққайың ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басымдықты дақылдарының әрбір түрі бойынша себудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы" Аққайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 110 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі N 165 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 шілдеде N 13-2-156 тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Аққайың ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтiнiмдер ұсыну мерзiмдерiн және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басымдықты дақылдарының әрбiр түрi бойынша себудің оңтайлы мерзiмдерiн анықтау туралы» Аққайың ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 110 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуінің тізімінде 2012 жылғы 07 мамырда № 13-2-152 тіркелген, 2012 жылғы 10 мамырдағы № 25 «Колос» және 2012 жылғы 10 мамырдағы № 24-25 «Аққайың» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қаулысымен бекітілген Қағиданың 12-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жақановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады