Аққайың ауданы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдер ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басымдықты дақылдарының әрбір түрі бойынша себудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 110 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 мамырда N 13-2-152 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 Қаулысымен бекітілген Қағиданың 12-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық әкімдігінің 2012.07.03 N 165 Қаулысымен (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
      1. 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға өтiнiмдер ұсыну мерзiмдерi және Аққайың ауданының топырақты егіншілік – екінші далалық, жазықтық, орманды дала аймағында субсидияланатын ауыл шаруашылығы басымдықты дақылдарының әрбiр түрi бойынша себудің оңтайлы мерзiмдерi анықталсын:
      мамырдың 17-нен мамырдың 31-не дейін – жаздық жұмсақ бидай, орташа кеш, орташа пісетін сорттары;
      мамырдың 25-нен маусымның 3-не дейін – жаздық жүмсақ бидай, орташа ерте сорттар;
      мамырдың 20-нан мамырдың 25-не дейін жаздық қатты бидай;
      мамырдың 25-нен мамырдың 30-на дейін – арпа – орташа кеш сорттары;
      мамырдың 30-нан маусымның 3-не дейін – арпа – орташа пісетін сорттары;
      мамырдың 25-нен мамырдың 30-на дейін – сұлы;
      мамырдың 20-нан мамырдың 25-не дейін – қарақұмық;
      мамырдың 25-нен мамырдың 30-на дейін – тары;
      мамырдың 14-нен мамырдың 17-не дейін – аңқа;
      мамырдың 20-нан мамырдың 27-не дейін – асбұршақ;
      мамырдың 22-нен мамырдың 25-не дейін – қытай бұршақ;
      мамырдың 15-нен мамырдың 23-не дейін – жасымық кеш пісетін сорттары;
      мамырдың 17-нен мамырдың 25-не дейін – жасымық орташа пісетін сорттары;
      мамырдың 12-нен мамырдың 20-на дейін – рапс – әдеттегі сүрі жер бойынша себу;
      мамырдың 20-нан мамырдың 28-не дейін – рапс ең аз-нөлдік сүрі жер бойынша;
      мамырдың 17-нен мамырдың 22-не дейін – зығыр, қыша;
      мамырдың 15-нен мамырдың 18-не дейін – май тұқымдарына күнбағыс;
      мамырдың 20-нан мамырдың 25-не дейін – арыш;
      мамырдың 15-нен мамырдың 30-на дейін – картоп;
      мамырдың 16-нан мамырдың 20-на дейін – жүгері сүрлем шөпке.
      Күздік бидай, күздік қарабидай және көкөніс дақылдарын себудің тиімді кезеңдері:
      тамыздың 25-нен қыркүйектің 5-не дейін – күздік бидай;
      тамыздың 25-нен қыркүйектің 5-не дейін – күздік қарабидай;
      мамырдың 10-нан мамырдың 15-не дейін – сәбіз (тұқым);
      мамырдың 10-нан мамырдың 15-не дейін – пияз (тұқым);
      мамырдың 25-нен маусымның 5-не дейін – қызылша;
      мамырдың 18-нен маусымның 5-не дейін – қияр;
      мамырдың 25-нен маусымның 10-на дейін – қырыққабат көшеті;
      мамырдың 28-нен маусымның 10-на дейін – қызанақ көшеті.
      Азықтық дақылдарды себудің тиімді мерзімдері:
      маусымның 1-нен маусымның 10-на дейін – бір жылдық шөптер: судан шөбі, тары, могар;
      мамырдың 12-нен мамырдың 17-не дейін – көп жылдық шөптер: түйежоңышқа, жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, арпабас;
      пішендемеге бір жылдық шөптер:
      мамырдың 27-нен мамырдың 31-не дейін – сиыржоңышқа + сұлы + арпа;
      маусымның 5-нен маусымның 7-не дейін – асбұршақ + сұлы + арпа;
      маусымның 8-нен маусымның 10-на дейін – асбұршақ + жемшөптік тары;
      маусымның 8-нен маусымның 10-на дейін – асбұршақ + сұлы + суданка.
      2. Субсидия алушылар тізіміне енгізу үшін өтінімдер ұсыну мерзімдері субсидияланатын басымдықты ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрі бойынша себу мерзімдерінің басталуына дейін анықталсын.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аққайың ауданының әкімі                    Р. Елубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады