Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Қаратомар ауылы көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Астрахан селолық округі әкімінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі N 16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 қазанда N 1900 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" сөздері "ауылы", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің 11.07.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Каратомар ауылы тұрғындардың пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қаратомар ауылы көшелеріне атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Ө. Ахметжанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының мәдениет
      және тілдерді дамыту бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы О. Плищенко
      2012 жыл 12 қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Аққайың ауданының құрылыс бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Шабаев
      2012 жыл 12 қыркүйек

  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 қыркүйек № 16 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Қаратомар ауылының көшелерінің атаулары

      Бірінші көше - Дорожная көшесі

      Екінші көше - Центральная көшесі

      Үшінші көше - Парковая көшесі

      Төртінші көше - Зеленая көшесі

      Бесінші көше - Яблоневая көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады