Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы N 4-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде басқармасында 2012 жылғы 19 маусымда N 13-9-158 тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 9 қаңтардағы N 01-15/5 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 09.01.2013 N 01-15/5 хаты)

       «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 89-тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудан әкімімен айтылған қажеттілікті есепке ала отырып, Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринарлық пункттердің ветеринарлық мамандарына ұсынылсын:
      1) өтініш берген кезеңіне жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш берген кезеңіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметік қолдау.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы аудандық мәслихатының 2012.08.06 N 5-4 Шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                        Мәслихат хатшысы
      С. Хабдулин                            Т. Әбілмәжінов

      «Келісілді»

      Ауданның ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімінің бастығы         Смағұлов Р. Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады