Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 654 "Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1784 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 05 қарашада № 2644 тіркелді. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 47 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау қалалық әкімдігінің 2013.01.31 № 47 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабын басшылыққа алып, Атырау қалалық Мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы ХХVII сессиясының № 316 "2012-2014 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешімі негізінде қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 654 "Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы"" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4-1-162 болып тіркеліп, 2012 жылдың 22 мамырында облыстық "Атырау" газетінің № 57 (19441) санында жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақ келесі мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
      9) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде".
      2. Қала әкімі аппараты осы қаулының Атырау қалалық әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.С. Қарабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Айдарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады