2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 38 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 ақпанда № 14-2-123 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімі аппаратының 2013 жылғы 4 ақпандағы № 184 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімі аппаратының 04.02.2013 № 184 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ.Сыдықов

Арыс қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 14 ақпандағы
№ 38 қаулысына қосымша

      2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұсынатын ұйымдардың тізбесі, жұмыстардың түрлері мен қаржыландыру көздері

р/с

Ұйымдардың атауы

Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері

1

«Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

35

жұмыссыз азаматтарға құжаттарды рәсімдеу және «Жұмыссыз» базасына мәліметтерді енгізу 1600 іс, құжаттарды тігу 900 іс, мұрағат құжаттарын өндеуге көмек көрсету -500 іс

қалалық бюджет

2

«Қызмет-Сервис-Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау -30000 шаршы метр, көшеттерді отырғызу -400 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу -2000 шаршы метр, талдарды ақтау -800 дана

қалалық бюджет

3

«Арыс қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

115

көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау -60000 шаршы метр, көшеттерді отырғызу -800 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу -3000 шаршы метр, талдарды ақтау -1800 дана

қалалық бюджет

4

«Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Арыс ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

20

ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау -1000 бет, факс жіберу -350 бет, мәтіндерді басу және шығару -400 бет, хат-хабарды жеткізу -600 хат.

қалалық бюджет

5

«Сырдария ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту -30000 шаршы метр

қалалық бюджет

6

«Монтайтас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту -30000 шаршы метр

қалалық бюджет

7

«Байырқұм ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту -30000 шаршы метр

қалалық бюджет

8

«Жиделі ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту -30000 шаршы метр

қалалық бюджет

9

«Ақдала ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту -30000 шаршы метр

қалалық бюджет

10

«Дермене ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

30

ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту -30000 шаршы метр

қалалық бюджет

11

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Арыс қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

20

ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау -1000 бет, факс жіберу -350 бет, мәтіндерді басу және шығару -400 бет, хат-хабарды жеткізу -600 хат.

қалалық бюджет

12

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Арыс қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

20

ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау-1000 бет, факс жіберу-350 бет, мәтіндерді басу және шығару -400 бет, хат-хабарды жеткізу -600 хат.

қалалық бюджет


Барлығы

490



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады