Қазығұрт ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 маусымдағы № 6/40-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 29 маусымда № 14-6-165 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 14/84-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 07.04.2017 № 14/84-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазығұрт ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі бекітілсін.
      2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 31/226-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-101 нөмірімен тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінің 2010 жылғы 11 маусымдағы 38-39 нөмірінде жарияланған), "Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы № 31/226-IV "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазығұрт аудандық мәслихатының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 41/307-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-134 нөмірімен тіркелген, "Қазығұрт тынысы" газетінің 2011 жылғы 06 мамырдағы 23 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А.Мамытбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы М.Момынов

  Қазығұрт аудандық мәслихатының
2012 жылғы 15 маусымдағы
№ 6/40-V шешімімен бекітілген

Қазығұрт ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы мөлшер және тәртіп "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін және тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өзінің немесе отбасы атынан өтініш беретін тұлға;
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      5) уәкiлеттi орган - "Қазығұрт ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      6) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 26/171-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан туындаған қатынастарға қолданылады).
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) табысының 20 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 26/171-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан туындаған қатынастарға қолданылады).
      4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес есептеледі.

2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтер) бар немесе тұрғын жайды жалға берушi тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      6. Бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органында тiркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      7. Ұсынылған жұмыс орнынан немесе жұмысқа орналастырудан, қоғамдық жұмыстарға қатысудан және кәсіби даярлықтан дәлелсiз себептермен бас тартқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      8. Өтiнiш берушi тұрғын үй көмегiнiң заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған толық емес немесе жалған мәлiметтер ұсынған кезде, өтiнiш берушi және оның отбасы тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
      9. Өтініш беруші және оның отбасы тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтқан жағдайда заңсыз төленген тұрғын үй көмегі жергілікті бюджетке қайтарылады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалданған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 26/171-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан туындаған қатынастарға қолданылады); өзгерістер енгізілді - Қазығұрт аудандық мәслихатының 24.02.2014 № 28/184-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Тұрғын үй көмегiн алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.
      13. Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      14. Уәкiлеттi орган көшiрмелердi түпнұсқалармен салыстырып тексередi, оларды тiркейдi және құжаттарды қабылдағаны туралы растайтын құжатты өтiнiш берушiге бередi.
      15. Тұрғын үй көмегiн өтiнiш берiлген айдан бастап тұрғын үй көмегiн алуға құқығы туындағаннан кейiн ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      16. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 27.06.2014 № 33/221-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Уәкiлеттi орган тиiстi органдардан тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн ұсынылған құжаттарды қарауға қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.
      18. Тұрғын үй көмегiн алушылар он бес күн мерзiмде уәкiлеттi органды тұрғын үй көмегi мөлшерiнiң өзгеруi үшiн негiз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар туралы хабардар етуге тиiс.
      Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерiне немесе оны алу құқығына әсер ететiн мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезiнен бастап немесе келесi тоқсанда жүргiзiледi.
      Артық төленген сомалар ерiктi тәртiппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылады.
      19. Тұрғын үй көмегi коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.09.28 № 9/68-V Шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Тұрғын үй көмегiн төлеу

      20. Тұрғын үй көмегiн төлеу алушының таңдауы бойынша жергiлiктi бюджетте бөлiнген қаражат шегiнде екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады