Қоғамдық жұмысқа тартуға сотты болған азаматтар тартылатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 941 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 14 маусымда № 14-7-167 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 363 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 19.03.2015 № 363 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық – атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағы, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағы негізінде Мақтаарал ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегі жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгіленсін: қала, кенттер мен ауылдық округтер аумақтарын көріктендіру және тазалау.
      2. Қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаға сотталғандармен жазаны өтеу орындары: Мақтаарал ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтаарал-Жасыл желек» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Мақтаарал аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және Мақтаарал ауданының әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жетісай» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
      3. Қала, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері Мақтаарал аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Қалжановқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшiне енгізіледi.

      Аудан әкімі                                С.Тұрбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады