Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі N 3071 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 қазанда N 2703 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы N 6444 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 13.08.2014  N 6444 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабына және Өскемен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 15 тамыздағы № 8/2-V «Өскемен қаласындағы жолаушыларды және жүкті жүйелі қалалық автомобиль тасымалдауына тарифті келісу туралы» шешіміне сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға автобустарда бір жол жүруіне 60 (алпыс) теңге және шағын автобустарда бір жол жүруіне 65 (алпыс бес) теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленсін.
      2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Желяковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының әкімі                    С. Тәукебаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Өскемен қалалық
      мәслихатының хатшысы                       В. Головатюк

      2012 жылғы 11 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады