Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуге алуды жүргізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N 1-1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2012 жылғы 27 қаңтарда N 5-7-108 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 5-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімінің 2012.04.27 N 5-1 шешімімен.

.
      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 17-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алу жүргізілсін және ұйымдастырылсын.
      2. «Бесқарағай ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәспорын директорына (Омаров Ш. Ж.):
      1) медициналық комиссияны маман-дәрігерлермен, орта дәрігерлік мамандармен, қажетті жабдықтармен, құрал саймандармен және дәрі-дәрмектермен жасақтау;
      2) әскерге шақырылуға дейінгілерді стационарлық тексеру және емдеу үшін ауданның медициналық мекемелерінде қажетті төсек орын санының бөлінуін қамтамасыз ету;
      3) тіркеуге алу аяқталғаннан кейін әскерге шақырылуға дейінгілерді емдеу үшін маман-дәрігерлерді тағайындау;
      4) 2012 жылы тіркеуге алынатын азаматтарды емдеу және медициналық куәландыруды өткізетін емдеу мекемесін анықтау ұсынылсын.
      3. Ауылдық округтерінің әкімдері әскери-есеп үстелінің мамандары мен оқу орындарының әскери басшыларының ілесуімен жасөспірімдерді тіркеуге алуға уақытында келуі мен күні туралы хабарлауды қаматамасыз етсін.
      4. «Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ахметов Р. С.) медициналық комиссия жұмысы кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының хабарландыруы бойынша тіркеуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің, шақыру учаскесіне жеткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      5. «Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Айтказин С.С. келісім бойынша), «Бесқарағай ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Шынгысбаева К. С.) тіркеуге алу кезеңінде әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеуді жүргізу тапсырылсын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. К. Мирашевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                      К. Байгонусов

      Келісілген:
      
      Бесқарағай аудандық қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімнің бастығы                   С. Айтказин
      
      Бесқарағай аудандық
      ішкі істер бөлімінің бастығы                         Р. Ахметов
      
      «Бесқарағай аудандық
      медицина бірлестігі» МКҚК директоры                   Ш. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады