Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі N 6/44-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 08 қазанда N 2692 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 22/157-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық мәслихатының 17.04.2014 N 22/157-V (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 56789-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа санаттардағы тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусым 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде алты ай Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;
      4) обыр ауруымен және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
      5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде, жасы 23-ке толмаған жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы аналар;
      6) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
      7) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      8) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз азаматтар;
      9) қиын жағдайға ұшыраған (жұмыссыздық, жанұя мүшелерінің біреуінің өлімі, табиғи апаттар, өрт, бақытсыз жағдайлар, төтенше жағдайлар) аз қамтылған азаматтар.
      2. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрақты мекенжайын растайтын құжат (мекенжайы бойынша анықтама немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
      4) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      6) материалдық тұрмыстық жағдайының тексеру актісі;
      7) қиын жағдайдың болғанын растайтын акті немесе құжат;
      8) болжамды немесе нақты қаржылық шығынды растайтын құжат;
      9) обыр және туберкулез ауруын растайтын анықтама.
      Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады, салыстырудан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Р. Өскембаев

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады