Белқарағай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 14 ақпандағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 27 ақпанда N 5-13-115 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Белқарағай ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Белқарағай ауылындағы төменде көрсетілген көше атаулары:
      1) Октябрь көшесі – «Саниязбек Жунусов атындағы» көшесіне;
      2) Лесная көшесі – «Жасыл алаң» көшесіне;
      3) Советская көшесі- «Құрмаш Иманбаев атындағы» көшесіне;
      4) Новостройка көшесі – «Бейбітшілік» көшесіне өзгертілсін.
      2. Согорное ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Достық» атауы;
      № 2 көшеге – «Бірлік» атауы.
      3. Топқайың ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Қазақстан» атауы;
      № 2 көшеге – «Жастар» атауы;
      № 3 көшеге – «Самархан атындағы»;
      № 4 көшеге - «Асылбек Исабаев атындағы» атауы;
      № 5 көшеге – «Есімхан» атауы;
      № 6 көшеге – «Шанақ Ауғанбаев атындағы» атауы.
      4. Өрнек ауылындағы атауы жоқ көшелерге мынадай атаулары берілсін:
      № 1 көшеге – «Болашақ» атауы;
      № 2 көшеге – «Ынтымақ» атауы.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Р. Жанузаковаға жүктелсiн.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Ауылдық округ әкiмi                        Д. Қалибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады