Ново-Поляковка ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Новополяковка ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы N 01 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 31 қаңтарда N 5-13-110 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Ново-Поляковка ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Ново-Поляковка ауылындағы көше атаулары төмендегідей өзгертілсін:
      Школьный көшесі – «Николай Шапорев атындағы» көшеге;
      Сельский көшесі – «Абай атындағы» көшеге.
      2. Ново-Поляковка ауылындағы № 1 атауы жоқ көшеге - «Достық» атауы берілсін.
      3. Сенное ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге - «Тәуелсіздік» атауы;
      № 2 көшеге – «Бұқтырма» атауы;
      № 3 көшеге – «Достық» атауы.
      4. Огнево ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге - «Қазақстан» атауы берілсін.
      5. Ульяновка ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Достық» атауы;
      № 2 көшеге – «Наурыз» атауы.
      6. Бесүй ауылындағы атауы жоқ көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
      № 1 көшеге – «Қайрат Рысқұлбеков атындағы» атауы;
      № 2 көшеге - «Шәмші Қолдаяқов атындағы» атауы.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекші маман Ж. Акижановаға жүктелсiн.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Ауылдық округ әкiмi                        Б. Канапин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады