Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құнын өтеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 07 қыркүйектегі № 308 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 09 қазанда № 2698 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 12.10.2015 № 259 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 7), 8) тармақшаларының, "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысының 24-тармағы негізінде, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмының нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Н. Сағандыковқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Д. Мусин
КЕЛІСІЛДІ:
 
ҚР АШМ ветеринарлық бақылау
 
және қадағалау комитетінің
 
Көкпекті ААИ бастығы
С. Мұқашев
12 жылғы 07 қыркүйек
 
ҚР ДСМ МСЭҚКД ШҚО
 
Көкпекті ауданы бойынша
 
басқармасының бастығы
Г. Абдрасулова
2012 жылғы 07 қыркүйек
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады