2012 жылғы 21 тамыздағы № 8 "Елтай ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 20 қарашадағы N 10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 07 желтоқсанда N 2755 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы N 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 10.12.2013 N 1 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. 2012 жылғы 21 тамыздағы № 8 «Елтай ауылдық округі аймағындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2641 болып тіркелген «Уақыт тынысы/Пульс времени» газетінде 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 78 жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      «Елтай ауылдық округіне шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы»;
      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «Елтай ауылдық округінде ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.».
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Елтай ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 А. Нүпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады