Казталов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 7-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 тамызда № 7-8-148 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 30 қазандағы № 18-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихаттың 30.10.2013 № 18-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары  туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Казталов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Ж. Қайыров
      Мәслихат хатшысы                 Е. Газизов

Казталов аудандық мәслихаттың
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 7-3 шешімімен
бекітілген

Казталов ауданында аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидасы

      Казталов ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме "Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" (бұдан әрі уәкілетті орган);
      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп–ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп–ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Казталов ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштін құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан он пайыз мөлшерінде, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электрэнергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электроэнергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сонымен қатар телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өтуі бөлігіндегі байланыс қызметі үшін шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан он пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012.12.26 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012.12.26 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2012.12.26 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      5. Тұрғын көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.
      6. Отбасының (азаматтың) табыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемдерінің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейді.
      7. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға әсер ететін мән-жайлар туралы он күн мерзiм ішінде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi, ал өтініш берушінің тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда, өтініш берушіге тағайындалған тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.
      Артық төленген соммалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
      8. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегі 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) берілмейді.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады