"Кассалық операциялар жүргiзу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн анықтау ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 70 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 15 ақпанда № 8334 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 20.11.2015 № 577 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесінде 1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Р.Б. Бекетаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы        
Қаржы министрінің         
2013 жылғы 11 ақпандағы № 70   
бұйрығына қосымша       

Кассалық операциялар жүргiзу,
мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы
және ағымдағы шотындағы қолма-қол
ақша қалдығының лимитiн анықтау
ережесiне 1-қосымша     

Корпоративтiк төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуға
рұқсат етiлген шығыстары мен шығындарының экономикалық
сыныптамасының ерекшелiктер тiзбесi

Санаты

Cыныбы

Кiшi сынып

Ерекшелiк

Ерекшелiктер атауы

Шығындар тiзбесi

1

2

3

4

5

6

1






1







110

Жалақы





111

Еңбекақы

Әскери қызметшiлердiң лауазымдық еңбекақысы




113

Өтемақы төлемдерi

Шұғыл қызметтегi әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде төленетiн бiр жолғы жәрдемақы және әскери қызметшiлерге - шет мемлекеттердiң әскери оқу орындарының түлектерiне сауықтыруға арналған жәрдемақы



140


Сақтаулы қор сатып алу







141

Тамақ өнімдерін сатып алу

- спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларының каникул және олардың оқу-жаттығу жиындарында болуы кезеңiнде тамақтануымен;
- донорларға ақысыз негiзде қан тапсыруды (донацияны) жүзеге асыруы үшiн энергетикалық шығындарын толтыруға арналған тегiн тамақ орнына ақшалай өтемақы төлеумен байланысты шығындар бойынша




142

Дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы өзге де құралдар сатып алу

Қанды сатып алу




144

Жанар-жағар май, отын сатып алу

мемлекеттiк мекемелердiң:
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының әуе кемелерiне алыс және жақын шет елдерiнде қызметтiк iссапарларда болу кезiнде жанар-жағар май (бұдан әрi - ЖЖМ) құю үшiн материалдар құнын төлеумен байланысты;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтiлген тiзбеге енгiзiлген ерекше қауiптi мал ауруларының ошақтарын жоюды жүзеге асыратын арнайы автомобиль көлiктерiне жанармай құюға арналған ЖЖМ құнын төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығыстарын төлеу кезiнде ветеринарлық бақылау посттарында көлiк құралдарын дезинфекциялау, мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды алып қою және жою, сондай-ақ сатып алу ЖЖМ, малдардың аса қауiптi жұқпалы аурулармен ауырған малдарды жою мақсатындағы шығыстары бойынша;




149

Өзге де сақтаулы қорлар сатып алу

мемлекеттiк мекемелердiң шығыстары бойынша:
- мемлекеттiк саясатты және тауарлар үлгiлерiнiң сатылу саласындағы сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалауды iске асыру үшiн оларды сатып алумен байланысты техникалық реттеу және метрология саласындағы бақылау–қадағалау өкiлеттiктерiн iске асыратын;
- көлiк құралдарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алумен, байланысты шығыстары бойынша бiрақта айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес



150



Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу






159

Өзге де қызметтер мен жұмыстар төлеу

Қазақстан Республикасының Әуе қорғанысы күштерiнiң әскери-көлiк авиациясының, құқық қорғау органдарының әуе кемелерiне алыс және жақын шет елдерде iссапарларда болғанда қызмет көрсету жөнiндегi әуежай қызметтерiн төлеуге байланысты мемлекеттiк мекемелердiң шығындары бойынша



160



Басқа да ағымдағы шығындар






161

Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар үшiн заңнамамен белгiленген iссапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк, баратын жерге және керi қайту жол жүру үшiн шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгiленген басқа да шығыстар





162

Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк сапарлар

Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға және жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар үшiн заңнамамен белгiленген iссапарда болған уақыт үшiн тәулiктiк, баратын жерге және керi қайту жол жүру үшiн шығыстары, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары және заңнамада белгiленген басқа да шығыстар





163

Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары

Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердiң аз қамтылған отбасынан шыққан аса мұқтаж оқушыларына ақшалай көмек көрсету





167

Ерекше шығындар

Мемлекеттiк құпиялар, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, елдiң қорғаныс қабiлетi мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттер мен өкiлеттiктерге сәйкес мемлекеттiк органдар iске асыратын iс-шараларға арналған шығындар





169

Өзге де ағымдағы шығындар

- заңнамалық актiлерге сәйкес мәдени, спорттық және басқа да iс шаралардың жеңiмпаздары мен қатысушыларына әр түрлi сыйақылар, жүлделер, естелiк сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, жеке тұлғаларға басқа да ақшалай төлемдер төлеуге;
- бостандығын шектеу, қамау немесе бостандығынан айыру түрiнде жазасын өтеуден босатылатын тұлғалар үшiн тұратын жерiне дейiн жол жүру билеттерiн сатып алуға;
- мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң iссапар шығыстарынан басқа, сапарға шығу арқылы iс-шаралар (жол жүру, тұру, тамақтану) өткiзуге;
- бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлiктерiнiң өткiзетiн iс-шараларына қатысушылардың (республиканың түрлi аймақтары, жақын, алыс шет ел өкiлдерiнiң) жол жүру шығындарын өтеу бөлiгiндегi өкiлдiк шығыстармен;
- нотариалдық қызметтерге ақы төлеуге;
- қызметтiк автокөлiкке техникалық тексеру жүргiзуге және қызметтiк автокөлiкке мемлекеттiк нөмiрлер сатып алуға байланысты шығындар бойынша



320



Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер






322

Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер

Мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына почта аударымдары үшiн ақшалай өтемақы төлеуге байланысты шығындар, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiне, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кетуi кезiнде азық-түлiк үлесiнiң орнына төленетiн ақшалай өтемақы бойынша





324

Стипендиялар

Кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушыларына стипендиялар және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлiктерi тыңдаушыларының ақшалай ырыздық ақысын төлеуге байланысты шығындар бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады