"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi № 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 15 ақпандағы № 48-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 жылы 26 наурызда № 8392 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.04.2013 № 130-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi туралы ереженiң 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi № 185-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2438 нөмірмен тiркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 6 қыркүйекте № 36 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi туралы ережеде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбі»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың осы ерекше тәртібі (бұдан әрі - Ерекше тәртіп) Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»;
      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) қалыптастырған кезде осы Ерекше тәртiптiң талаптарын ескере отырып шығындар енгiзiледi. Шығындардың баптарын қалыптастыру бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      7-1-тармақ алып тасталсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Субъект қызметкерлерiнiң еңбекақы жүйесi жөнiндегi параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен немесе жергiлiктi атқару органымен келiсiм бойынша құзыреттi орган бекiтедi.
      Шығындарға енгiзiлетiн өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты санға және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталады (инфляция).
      Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополия субъектілері, электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан және өтінім беру алдында бір ай бұрын статистика деректері бойынша өңірде қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан аспайтын нақты санынан анықталады.
      Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталған Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің, өндірістік персоналының жалақысын өтінім беру алдында бір ай бұрын статистика деректері бойынша өңірде қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асырған кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталатын өндірістік персоналдың жалақысы ескеріледі (инфляция).
      Шығындарға енгiзiлетiн әкiмшiлiк персоналдың еңбегiне ақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санын жоғарылатпайтын нақты санына сүйене отырып анықталады.
      Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы табиғи монополия субъектілері, электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндіріспен энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда жылу энергиясын өндіру, беру үшін өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан және өтінім беру алдында бір ай бұрын статистика деректері бойынша өңірде қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан аспайтын нақты санынан анықталады.
      Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдардың басқа қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары бойынша шығындарға енгізілетін әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісінің лауазымдық жалақысының он бес еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі.
      Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлiгiне енгiзiлмейтiн сыйлықақыға және жалақыға басқа да сыйақы түрлерiне шығыстарды табиғи монополия субъектiсi (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) таза табыс есебiнен (нақты пайда) ол болған жағдайда жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган осындай немесе ұқсас қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополия субъектiлерiнiң жалақыларына жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негiзiнде, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi көрсететiн реттелетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемi қысқарған жағдайда тарифке (бағаға, алымдар ставкаларына) енгiзiлетiн әкiмшiлiк және (немесе) өндiрiстiк персоналдардың еңбегiне ақы төлеу шығыстарын төмендету немесе жоғарылатудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.».
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiне негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзуiн келiседi.
      Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзгеннен кейiн тарифтiң (бағаны, алым ставкасын) шығын бөлiгiне сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектiлерін қоспағанда, амортизациялық аударымдарды өсіруді кезең-кезеңмен енгiзеді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтi (бағаны, алым ставкасын) және тарифтiк сметаларды, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды бекiткен жағдайда, уәкiлеттi орган осы Ерекше тәртіптің 22-тармағында көзделген жағдайларда алдағы тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) өзгерту кезеңi үшiн тұтынушылар бағаларының индексiн ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алым ставкаларында) қабылданған шығыстар шегiнде тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) енгiзеді.»;
      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Уәкiлеттi орган тарифті (бағаны, алым ставкасын) қалыптастырған кезде табиғи монополия субъектiлерінiң қызметiне жүргiзiлген қаржылық сараптаманың нәтижелерi бойынша, не табиғи монополия субъектiлерiнiң қызмет тиiмдiлiгiн төмендеткен (көрсетiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бiрлiгiнiң өзiндiк құнын арттыру, көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн кеміту, кредиторлық және дебиторлық берешектердi арттыру) жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстар сомасының өзгеруі мақсаттылығын айқындайды.».
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1 Реттеліп көрсетілетін қызметтер шеңберіңде экономикалық негізделген материалдар болған кезде өндірістегі өнертапқыштыққа және өнертабыстыққа байланысты шығыстар тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкасын) қалыптастырған кезде ескеріледі.».
      24-тармақ алып тасталсын;
      28-тармақтың отыз үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тәжiрибе-эксперименттiк жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және т.б. байланысты шығыстар;»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Табиғи монополиялар субъектiлерi тарифiнiң (бағасының, алым ставкасының) есебiне қолданысқа енгiзiлген активтердiң реттелетiн базасының шамасына пайда ставкасының туындысы ретiнде анықталатын пайданың (таза табыстың) деңгейi енгiзiледi.
      Бұл ретте, егер сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтеріне тарифтердің жоспарлы деңгейі 1 м3-қа 200 теңгеден асатын болса қосымша құн салығынсыз, пайда ставкасы тарифті немесе оның шекті деңгейін бекітуге берген өтінімді беру күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының деңгейінде қабылданады.».
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуді;
      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) кейіннен ұсына отырып ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        М. Оспанов

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      ___________ С. Әбденов
      25 ақпан 2013 жыл

      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      __________  Е. Досаев
      19 ақпан 2013 жыл 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады