"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 15 мамырда № 8468 тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 бекітілген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 172-177 (27251) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесінде:
      «1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:» деген бөлім мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21) Математика мен физикадан халықаралық олимпиада (AMITY);
      22) «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасы.»;
      «2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жарыстар:» деген бөлімде:
      бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):»;
      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10) В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдердің зерттеу жұмыстарының жалпыресейлік конкурсы;
      11) «EUROMATH» халықаралық математика конкурсы.»;
      «3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстар:» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары (ғылыми жарыстары):»;
      «7. Орындаушылардың республикалық конкурстары:» деген бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушыларының арасындағы Қазақстанның жас орындаушыларының республикалық конкурсы;».
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады