Байланыс формасы

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдарын анықтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 06-7/92 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 01 шілдеде № 8535 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 29.12.2015 № 12 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдары бекітілсін.
      2. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                  А. Байменов

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 06-7/92 бұйрығымен 
бекітілген     

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына
орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар
жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдары

      1. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдары:
      мемлекеттік тілде – «Егемен Қазақстан»;
      орыс тілінде – «Казахстанская Правда».
      2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдары:
      1) Ақмола облысы:
      мемлекеттік тілде – «Арқа ажары»;
      орыс тілінде – «Акмолинская правда»;
      2) Ақтөбе облысы:
      мемлекеттік тілде – «Ақтөбе»;
      орыс тілінде – «Актюбинский вестник»;
      3) Алматы облысы:
      мемлекеттік тілде – «Жетісу»;
      орыс тілінде – «Огни Алатау»;
      4) Алматы қаласы:
      мемлекеттік тілде – «Алматы ақшамы»;
      орыс тілінде – «Вечерний Алматы»;
      5) Астана қаласы:
      мемлекеттік тілде – «Астана ақшамы»;
      орыс тілінде – «Вечерняя Астана»;
      6) Атырау облысы:
      мемлекеттік тілде – «Атырау»;
      орыс тілінде – «Прикаспийская коммуна»;
      7) Шығыс Қазақстан облысы:
      мемлекеттік тілде – «Дидар»;
      орыс тілінде – «Рудный Алтай»;
      8) Жамбыл облысы:
      мемлекеттік тілде – «Ақ жол»;
      орыс тілінде – «Знамя труда»;
      9) Батыс Қазақстан облысы:
      мемлекеттік тілде – «Орал өңірі»;
      орыс тілінде – «Приуралье»;
      10) Қарағанды облысы:
      мемлекеттік тілде – «Орталық Қазақстан»;
      орыс тілінде – «Индустриальная Караганда»;
      11) Қостанай облысы:
      мемлекеттік тілде – «Қостанай таңы»;
      орыс тілінде – «Костанай - Агро»;
      12) Қызылорда облысы:
      мемлекеттік тілде – «Сыр бойы»;
      орыс тілінде – «Кызылординские вести»;
      13) Маңғыстау облысы:
      мемлекеттік тілде – «Маңғыстау»;
      орыс тілінде – «Огни Мангистау»;
      14) Павлодар облысы:
      мемлекеттік тілде – «Сарыарқа самалы»;
      орыс тілінде – «Звезда Прииртышья»;      
      15) Солтүстік Қазақстан облысы:
      мемлекеттік тілде – «Солтүстік Қазақстан»;
      орыс тілінде – «Северный Казахстан»;
      16) Оңтүстік Қазақстан облысы:
      мемлекеттік тілде – «Оңтүстік Қазақстан»;
      орыс тілінде – «Южный Казахстан».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады